Талдықорғанда 23 қызметкер жауапқа тартылды

Сурет: Zakon.kz
Талдықорғанда мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

9 азамат сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың басым бөлігі – мектеп есепшілері және білім бөлімінің қызметкерлері.

Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс орталығындағы білім бөлімінің бухгалтерлеріне бюджет қаражатын жүйелі түрде және аса ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда.

Күдіктілер үш жыл қатарынан білім беру саласында мүлдем жұмыс істемейтін тұлғаларға жалақы аударып, және мұғалімдердің айлығын көтеру арқылы 4,6 млрд теңгені қолды қылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін