Алматыдағы Бурундай тас жолында көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда қазанның 28-і мен 30-ы аралығында су құбырларын тарту жұмыстарын аяқтау үшін Бурундай тас жолында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алатау ауданында Барыс көшесінен Жаужүрек көшесіне дейін екі жаққа да көлік қозғалысы шектеледі. Асфальтбетон жабынын қалпына келтіру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі. Осылайша, 3,8 км су құбыры желілерін және 4,6 км кәріз желілерін салу аяқталады. Бұл Алатау ауданының 2,5 мың тұрғынын қамтиды, олар үздіксіз орталық сумен жабдықтауға қосылады. Ал бұрын олар жеке компанияның қызметін пайдаланған.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз. (Автобус маршруттары №10, №124, №81).

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, биыл 20 нысан бойынша 108,4 км су құбыры және кәріз желілерін (81,1 км су құбыры және 27,3 км кәріз) салу жоспарланған, бұл халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін 99,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, желілерді салу және жаңғырту жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде, себебі бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Мәселен, былтыр Наурызбай, Алатау және Түрксіб аудандарының 18 шағын ауданы бойынша 153,9 км сумен жабдықтау және 118,3 км су бұру желілері салынды (60 мыңға жуық адам қамтылды). Жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында сумен қамту желілерінің тозуы 56,2%-дан 55,8%-ға және кәріз желісінің тозуы 58%-дан 57,5%-ға дейін төмендеді.

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: