"АрселорМиттал Теміртау" басқа шетелдік инвесторға беріле ме

Сурет: ArcelorMittal
Қазақстан үкіметі "АрселорМитал Теміртау" АҚ басқа шетелдік инвесторларға берілетіні жайындағы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат жөніндегі түсініктеме ҚР Үкіметінің Telegram арнасында жарияланды.

"Әлеуметтік желілерде "АрселорМиталл Теміртау" АҚ-ны басқа шетелдік инвесторларға беру туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз", – делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Хабарламада қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының пайдасына қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылған.

"Үкімет "АМТ" АҚ-ны әрі қарай басқа шетелдік инвесторларға беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ".ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Қарағанды облысы аумағында орналасқан Костенко атындағы шахтадағы кезекті жарылыстан кейін "АрселорМиттал Теміртаудың" меншік құқығы Қазақстанға берілетін болды

Үкіметтің баспасөз қызметі  "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып қалғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады