Тоқаевқа Қарағанды облысындағы кен орнында болған апатқа байланысты кімдер көңіл айтып жатыр

Сурет: akorda
Қазақстан Президентінің атына Қарағанды облысындағы кен орнында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары телефон арқылы да көңіл айтып жатыр. Олар қаза тапқан кеншілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Ақорданың хабарлауынша, соның ішінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров телефон арқылы көңіл айтты және жеделхаттарын да жолдады.

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына өздерінің көңіл айту жеделхаттарын Ресей Президенті Владимир Путин, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Раисы Рустам Минниханов,  ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұлтан Раев және басқалар жолдады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

Алматыда нөсерден кейін көшелерді су басып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындады

Қазақстандықтарға екпе туралы SMS келе бастады: хабарлама алған соң не істеу керек