Алматының орталық бөлігінде ұрлық жасап жүрген үш күдікті анықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Дәлірек айтсақ, оңай жолмен ақша табуды ұнататындар қоғамдық көлікте, аялдамада ұрлық жасап жүрген.
"Алмалы ауданында IPhone-14 телефонын ұрлаған 30 жастағы А.есімді азамат ұсталды. Төле би мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында жедел уәкілдер 47 жастағы К.есімді азаматты ұстады. Ол қоғамдық көлік жолаушысының телефонын ұрлап кеткен. Осы уақытта, 41 жастағы П.есімді азамат базарда жүріп, бутиктен бөтен біреудің гаджетін ұрлап кеткен. Осы деректер негізінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қазір тергеушілер ұсталғандардың қалада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа дп қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Астанада "Болашақ ойындары – 2026" аясында фиджитал-баскетбол жарысы басталды

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

31 шілдеде елдің басым бөлігі аптап ыстықтың құрсауында болады