Қазақстанда 6 мыңға жуық отбасы "Аңсаған сәби" арқылы балалы болды

Сурет: pixabay
Елімізде "Аңсаған сәби" бағдарламасының арқасында 6 мыңға жуық отбасы балалы болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып келе жатқан жоба аясындағы квота саны 7 есе ұлғайған.

Бүгінде 15 мыңға жуық қазақстандық ерлі-зайыпты бедеулік бойынша есепте тұр.

2021-2023 жылдар аралығында "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында республика бойынша 20 мыңнан аса пациентке экстракорпоралды ұрықтандыру жасалды. Оның ішінде 8 мыңнан аса әйел жүктілік бойынша есепке тұрса, 6 мыңнан аса бала дүниеге келді, деп жазады qazaqstan.tv.

"Бұл әрине өте жоғары көрсеткіш. Бұл көрсеткіш Еуропаның ең алдыңғы медициналық орталықтарының көрсеткішіне сай келеді. Бұл біздің еліміздегі репродуктолог мамандар мен эмбриолог мамандардың, сонымен қатар ЭКО орталықтардың қызметінің жоғары деңгейде екенін көрсетеді." Шакизат Халықова,ҚР ДСМ Аналар денсаулығын қорғау басқармасының басшысы

"Аңсаған сәби" бағдарламасы іске асырыла бастағалы квота алуға байланысты бұйрыққа өзгерістер енгізіліп, анағұрлым жеңілдеді. Ең негізгі көрсеткіш – гормоналды және хирургиялық түзетуге келмейтін бедеулік. Сондай-ақ, әйелдің репродуктивтік мүмкіндігіне назар аударылады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында экстракорпоралды ұрықтандыру әдісін жылына бір рет тегін жасатуға болады. Және оған репродуктивті жасы 18-ден 42 жасқа дейінгі қазақстандық отбасылар қатыса алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі