Алматыда 101 шетел азаматы елден шығарылды

Сурет: polisia.kz
Алматыда 101 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті профилактикалық іс-шаралар барысында қаладағы көші-қон қызметі мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 305 шетелдікті анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Анықталғандардың көбі – Өзбекстан мен Африка құрлығы елдерінің азаматтары.

"Полиция департаментінің қабылдап-тарату ғимаратына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 106 шетел азаматы орналастырылды. Сот қаулысымен 101 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Тиісті шара қолданбағаны үшін 115 қабылдаушы тарап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды: 97 жеке тұлға, 18 заңды тұлға. Төрт компанияға қатысты "Халықтың көші-қоны туралы" ҚР Заңына сәйкес алдағы уақытта шетелдіктерді шақырудан бас тартылады".Алматы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған