Астанада автогаз тапшылығы туындауы мүмкін екені ескертілді

Сурет: gov.kz
Қазан айында Атырау зауытында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына және "ПМХЗ" ЖШС мен "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ зауыттарының үлкен жүктемесіне байланысты Астанада автогаз тапшылығы мәселесі қылаң берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қарашадағы жағдай бойынша қалада бар газ 900 тоннаны құрайды, жолда келе жатқаны – 1476,3 тонна. Оның ішінде бүгін 9 вагон (324 тонна) жеткізілді, 7 қарашада 16 вагон (576 тонна) жеткізіледі деп күтіліп отыр. 7 қарашадан бастап "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ зауыты 25 вагон (900 тонна) газ, 8 қарашада 15 вагон (540 тонна) сұйытылған газ көлемін жөнелтуді бастайды.

"Зауыттардың қызметі, сондай-ақ газды уақытылы жөнелту мен жеткізуді қамтамасыз етуді реттеу мәселесі ҚР Энергетика министрлігінің, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ құзыретінде. Сұйытылған газдың жетіспеушілігін ескере отырып, сатушылар автогаз құю станцияларында талондық жүйені енгізу арқылы сату бойынша шектеулер енгізді. Бұл шаралар жағдайды қалыпқа келтіргенге дейін газ тапшылығын болдырмауға байланысты қолданылады", делінген хабарламада.

Биыл 6 қарашада қала әкімдігінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өткізушілердің қатысуымен кеңес өткізілді.

Қазіргі уақытта мәселе тиісті мемлекеттік органдардың бақылауында, шектеулерді кезең-кезеңімен бір апта ішінде алып тастау жоспарланып отыр.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі