Жезқазғанда салмағы алты келі болатын батыр қыз дүниеге келді

Сурет: pixabay
Жезқазған перинаталдық орталығында салмағы 6 келідей болатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" арнасына сұхбат берген мамандар қазір салмағы ірі сәбилер жиі кездесетінін айтты.

Сондай-ақ облыста соңғы бірнеше жылда бала туу көрсеткіші артқан. Жыл басынан бері өңірде 2815 сәби дүниеге келген.

"Біздің перзентханада туу көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді. Дәрігерлер жүкті әйелдер мен босанатын әйелдерге шұғыл және жоспарлы көмек көрсетеді. 9 айда ана өлімі тіркелген жоқ, нәресте өлімін азайтып жатырмыз".Жезқазған облыстық көпсалалы ауруханасының акушерлік бөлімшесінің меңгерушісі Ғайнура Әбішева
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі