Атыраулық полицейлер 300 келіге жуық бекірені заңсыз саудаламақ болған күдіктіні ұстады

Сурет: polisia.kz
Атырау облысы полиция департаменті балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз сатып-алу, сату, тасымалдап жүрген 26 жастағы қала тұрғынын анықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 282,5 келі болатын 76 бекіре тұқымдас балықтары тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды