Сәби күтіп жүрген ерлі-зайыпты блогерлер "гендер-патиды" дүркіретіп өткізді

Сурет: видеодан алынды
Танымал ерлі-зайыпты блогерлер Дархан Жолшыбеков пен Дариға Нұркеева екінші баласының дүниеге келуін асыға күтіп жүр. Парақшасына жазылушылардың саны миллионнан асатын жұп гендер-пати өткізіп, болашақ сәбиінің жынысын баршаға жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде ДАРИКОРН деген атпен танымал Дархан мен Дариғаның гендерлік кеші керемет өтті. Олар салтанатты шарада түсірілген видеолармен Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Дүниеге ханшайым келеді. Әр отбасыға жұғысты болсын", делінген көкті қызылға бояған видео сипаттамасында.

Олар бұл шараны көпқабатты тұрғын үй кешенінің төбесінде ұйымдастырған. Олар, әдеттегідей, басқа жұптар секілді шар жармады немесе корап ашпады. Есесіне аспанға отшашу атылды, алайда оттың орнына бояу атылып, айнала қызылға боялды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды