Павлодар облысында Ресейде кісі өлтірген тәжікстандық ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында Ресейде кісі өлтірген тәжікстандық ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз полиция қызметкерлері 2023 жылғы шілде айынан бастап мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.

15 қарашада рейдтік іс-шара барысында құрылыс нысандарының бірінде тиісті рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген Тәжікстан Республикасының үш азаматы ұсталды. Аталған азаматтардың жеке басын анықтау үшін көші-қон қызметі бөліміне жеткізілді. 

"Деректер базасы бойынша тексеру кезінде үш шетелдіктің Қазақстанға жеке мақсатпен келгені анықталды. Ал 22 жастағы шетелдік азамат биылғы шілде айында Ресей Федерациясында кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздестіруге жарияланғаны анықталды".  Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар екі шетелдікке қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 5-бөлігінің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды