Қарағанды ​​облысының әкімі облыс тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады

Сурет: Қарағанды облысының ТЖД
Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды ​​облысының тұрғындарына екпінді желдің салдары туралы есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бөлекбаев бүгін жедел кеңес өткізіп, екпінді желдің салдарын жою бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің, ТЖД басшысының есептерін тыңдады.

Оның сөзінше, құлаған ағаштар, сымдар мен тіректер, шатырлар жолдардан алынып тасталды.

"Қала мен облыстың кейбір аудандарында электр қуаты мен жылудың болмау жағдайлары, су қысымының төмендеуі тіркелді. Барлық қызмет апаттарды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді өңір әкімі.

Әкім барлығын өзі қадағалап, бақылап отырғанын айтты:

"Осыған байланысты бүгін қолайсыздықтарды сезінетін тұрғындардың шыдамдылық танытуларын сұраймын. Бұл мәселелер менің бақылауымда".

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысында екпіні күшті желден 14 ғимараттың шатыры қирағанын хабарлаған едік.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі