Халықаралық тасымалдау саласында қажетсіз талаптар жойылады

Сурет: gov.kz
Көлік прокурорлары халықаралық автомобиль тасымалдарын реттеу саласындағы бірқатар нормативтік актілерге түзетулер енгізілген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы бұйрығын зерделеді.

Өзгерістер тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат алу, автокөлік құралдарына рұқсат карточкаларының қолданылу мерзімдері бойынша талаптарды күшейтті және тұтастай алғанда бұл 6 мыңға жуық отандық тасымалдаушылардың жағдайын нашарлатты.

Бұл бейінді министрлік аталған бұйрықты құқықтық инновациялардың халықаралық тасымалдаушылар мәртебесіне түсетін кәсіпкерлердің қызметіне қалай әсер ететінін міндетті алдын ала талдаусыз қабылдағанының салдары болып табылады (Кәсіпкерлік кодекстің 82-бабы). Бас көлік прокуратурасы

Осыған орай көлік прокуратурасы өз ұсынысында жаңадан құрылған көлік министрлігінің алдына заңдылықтың бұзылуын жою және осы салада бизнес жүргізу үшін рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдау туралы бірқатар сұрақтар қойды.

Бүгінгі таңда Министрлік басқа уәкілетті органдармен бірлесіп, бұйрықтан тасымалдаушылар ұсынатын артық құжаттар мен мәліметтерді алып тастауды көздейтін жаңа түзетулер әзірледі, өйткені олар туралы бірқатар қажетті ақпарат мемлекеттік органдардың цифрлық дерекқорларында бар (қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем декларациясы, жүргізушілермен жасалған еңбек шарттарының көшірмелері және т.б.).

Осы түзетулерді қабылдау тиісті құжаттама пакетін үштен біріне қысқартуға және тасымалдаушыларға қойылатын талаптарды едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды