Қазақстан онлайн қызмет көрсетуден әлем бойынша үздік ондықта

Сурет: akorda.kz
Қазақстан онлайн қызмет көрсетуден әлемде 8-ші орында тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Оның айтуынша, елімізде қызмет түрлерінің 93 пайызы электронды түрде көрсетіліп жатыр. Смартфон арқылы алатын қызметтердің саны биыл 6 есе өскен, деп жазады qazaqstan.tv.

Банк қосымшаларда 50-ден астам қызмет түрі бар. Олардың саны 33 млн-ға жетіп, 3 есе өсті.

"Біз проактивті қызметтерді де дамытып жатырмыз. Ол - азаматтардың жүгінуін күтпей, айтқызбай, мемлекеттің өзі ұсынатын қызметтер. Оның түрі 40-қа жетіп, саны 2 млн-нан асты. Биометриялық растау және QR-мен қол қою арқылы электронды қызмет алу жеңілдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингісі бойынша онлайн-сервис көрсету жағынан Қазақстан дүниежүзінде 8-орында." Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін