Абай облысында ақылы жол пайда болды

Сурет: Zakon.kz
Абай облысы арқылы өтетін халықаралық "Омбы-Майқапшағай" тас жолының 300 шақырымына тариф енгізілді. Енді жүк және қоғамдық көліктердің жүргізушілері әр шақырым үшін ақша төлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" мәліметінше, өңірдегі ақылы жолдың іске қосылғанына екі ай болған. Содан бері 70 миллион теңгеге жуық қаржы жиналған. Түскен ақшаға 10 жаңа техника сатып алынып та үлгеріпті.

"Ақылы жолдың төлеміне келсек, салмағы 2 жарым тоннаға дейінгі техникалар әр шақырымға 5 теңге, салмағы 15 тоннадан жоғары көліктер 25 теңге төлейді. Жеңіл көліктер тегін жүре береді". "ҚазАвтоЖол" компаниясының өкілі Арсен Темірханов

Айта кетсек, 2023 жылы 16 қазанда Көлік прокуратурасының тексеруінен кейін "ҚазАвтоЖол" компаниясы Қарағанды ​​облысының ақылы жолдармен 69 мың автокөлік жүргізушісіне аванстық төлемдер қайтарыла бастағаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингісіне енді