Бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Сурет: pixabay
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылды. Қостанай облысында қар жауып, көктайғақ болып тұр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, облыс аумағындағы барлық мектеп пен колледждерде таңғы ауысымдағы сабақ уақыты қысқарып, түстен кейінгі оқу процесі толық онлайнға ауысты.

Ақмола облысында да бірнеше ауданда сабақ қашықтан оқытылып жатыр. Аймақта облыс аралық және республикалық жолдар жабылды. Батыс Қазақстан облысында да көктайғақ. Соған орай Атырау-Орал автожолы жабылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал Маңғыстауда қатты желдің салдарынан дауылды ескерту жарияланды. Ақтау қаласында және кейбір аудандарда мектептер онлайн оқуға көшті. Синоптиктер желдің жылдамдығы күшейіп, секундына 23-28 метрге дейін жететінін хабарлауда. Атырауда да жел күшті. Исатай ауданының мектептері қашықтан оқуға көшірілген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

Алматыда үстіне ағаш құлаған 19 жастағы бойжеткен көз жұмды

Қазақстанның бес өңірінде бір күнде 5 орман өрті тіркелді

Тоқаев Трампты Қазақстанға шақырды

Алматыда Сайран көлінің айналасы абаттандырылады