Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар ұсталды

Сурет: gov.kz
Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен ең үлкен шекаралас аймағы екендігі белгілі. Шекараны күзету прокурорлық қадағалаудың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Қордай ауданының аумағында соңғы жарты жылда Оңтүстік Азия елдері (Пәкістан, Непал, Шри-Ланка) азаматтарының Қырғыз Республикасы жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының тысқары жерлерінен заңсыз өтуі жиіленгенін атап өту қажет.

2023 жылдың 19 қыркүйегінде Қордай ауданы прокурорының үйлестіруімен ҚК-тің 394-бабының 2-бөлігі бойынша (адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) полиция бөлімімен қылмыстық іс тіркелді.

2023 жылдың 20 қыркүйегінде Қордай ауданы прокурорының қаулысымен аудандық полиция, шекара қызметі және ұлттық қауіпсіздік органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, олармен бірқатар тергеу амалдары жүргізілді.

Нәтижесінде Оңтүстік Азия елдерінің 20 азаматтарын Қырғыз Республикасынан мемлекеттік шекараның өткізу пунктерінен тыс жерлері арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 3 қылмыскер құрықталып (Қазақстан және Қырғыз азаматтары), қамаққа алынды.


Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде, басқа мәліметтер ҚПК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес жариялануға жатпайды. Жамбыл облысының прокуратурасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды