Ақтөбе облысында ақшасын көбейтпек болған екі тұрғын алаяққа алданып қалды

Сурет: unsplash
Ақтөбе облысының екі тұрғыны ақшалай қаражатты екі есеге көбейту туралы ақпаратқа сеніп, ақшаларынан айырылып қалды.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Whatsapp мессенджерінде чат құрып, Ақтөбе қаласының тұрғындарын қомақты қаржы ұйымына ақша салу арқылы ақшалай қаражатты көбейтуге шақырған.

Ол белгілі бір соманы салса, бірнеше айдан кейін бұл ақша екі есе өсетінін айтқан. Салымшылар ақшанының қандай жолмен екі есеге көбейетініне де қызығушылық танытпаған. Күдіктінің айла-амалдарына екі аңғал азаматша алданып қалған.

Жәбірленушілердің бірі 400 мың теңге, екіншісі 800 мың теңге салған. Полиция қызметкерлері өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде 37 жастағы күдіктіні анықтады.

Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады