Астана әуежайында жолаушылар алда жаңа тәсілмен тіркеуден өтетін болады

Сурет: freepik
Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу процедурасы енгізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2023 жылы 24 қарашада ҚР Көлік министрлігі хабарлады.

"ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров жұмыс сапары барысында Астана халықаралық әуежайына барды. Ол қауіпсіздік жүйелері, пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету және әуежайдың жұмысымен танысты. Сондай-ақ әуежайда цифрландыру деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Онда әуежайды одан әрі дамыту перспективаларына қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, биометриялық сәйкестендіру мүмкіндігін енгізу. Нәтижесінде жолаушылар рейске тіркелу кезінде барлық қажетті операцияны жасай алады, құжаттарды өз бетінше толтырады және басып шығара алады. Сонымен бірге төлқұжаттың электрондық нұсқасын толық пайдаланады", делінген хабарламада.

"Халықаралық әуежай" АҚ Басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов құрылған арнайы фокус-топ биометриялық сәйкестендіру бойынша жолаушыларды тіркеу бағдарламасын тест режимінде іске қосатынын атап өтті.

Кеңесті қорытындылай келе, вице-министр бірқатар тапсырма жүктеп, министрліктің әуежай қызметтерін одан әрі дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге дайын екендігін атап өтті.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды