Пандемиядан кейін халықтың қарызы күрт өсті

Сурет: Zakon.kz
3 жыл бұрынғы пандемияның қазақстандықтардың қалтасына әсері әлі тоқтаған жоқ.

Осы уақыт аралығында азаматтарымыздың несиесі 30 пайызға өсіп кеткен. Қазір халықтың банк алдындағы жалпы берешегі 15,6 трлн теңгеге жетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл қарыздың 60 пайызы тұтынушылық несие. 34 пайызы баспана ипотекасы болса 6 пайызы автонесие сияқты өзге қажеттіліктер үшін алынған.

Дегенмен, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратынша, қазақстандықтардың жиған қаржысы одан да көп. Жеке тұлғалардың депозиттерінде 17 трлн теңгеден астам қаржы бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін