Шымкентте жалған адвокат тұрғыннан 7 млн теңге жымқырған

Сурет: ҚР ІІМ
Алаяқтық фактісін тергеу амалдары өзін адвокат ретінде таныстырып, бұрынғы күйеуінен баланы асырауға алимент өндіріп беремін деп уәде еткен ер адам туралы жергілікті тұрғынның арызынан басталды.

Қаскүнем өз "қызметін" 7 миллион теңгеге бағалаған.

Оған сенген азаматша ақысын төлеп, есесіне ешқандай заң көмегін алмаған. Ал қомақты қаржыны иеленген алаяқ байланысқа шығуды түбегейлі тоқтатқан.

Жедел уәкілдер іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтады.

Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

Астанада қар жауып, көктайғақ болады, ал оңтүстікте күн жылынады

Ақмола облысында полицейлер жоғалған 86 жастағы қарияны іздеп тапты

15 қарашадан бастап осы үш жұлдыз белгісінің өмірінде жақсы өзгерістер болуы мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады