Алматы зообағы ягуардың ерекше тіршілігі туралы айтып берді

Сурет: Zakon.kz
29 қараша – Халықаралық ягуарлар күні. Бұл күн жабайы табиғатта осы жануарлар түрінің жойылып кету қаупіне назар аударуға арналған. Осыған орай Алматы хайуанаттар бағы Диана атты ягуар туралы қызық деректер бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Диана 2007 жылы Алматы зообағында дүниеге келген. Дегенмен сол жылы жайсыз оқиға болған. Оның әкесі, белгісіз себептермен Диананың аяғын қатты жарақаттап, құйрығының бір бөлігін жұлып алған.

"Алайда ветеринарларымыз Дианаға дер кезінде көмек беріп, аяғының аман қалған бөлігін сақтап қалды. Ягуар үнемі ветеринарлардың бақылауында. Қазір Диана – Алматы хайуанаттар бағында көп жылдан бері тұратын, келушілеріміздің сүйікті жануарларының бірі", - делінген зообақтың Instagram-дағы парақшасында.

Мамандардың айтуынша, Диана денесіндегі жарақаттарына қарамастан ширақ қимылдайды, айналасымен де жақсы қарым-қатынаста.

"Көрікті жануарымызға мықты денсаулық, ұзақ өмір тілейміз", - деп қосты Алматы хайуанаттар бағы.


Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады