Түркістан облысының полицейлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысының полицейлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды ұстады.

Анықталғандай, күдікті деп танылған Ресей азаматына есірткіні заңсыз сақтау қылмысы үшін 2014 жылы іздеу жарияланған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскердің орналасқан жерін анықтады.

Одан әрі жедел уәкілдердің жүйелі жүргізілген әрекеттерінің арқасында ер адам Кентау қаласындағы пәтерлердің бірінен ұсталды.

Полицейлер оны қалалық полиция бөліміне жеткізді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді