Астаналық азамат қаржы пирамидасының құрбаны болды

Сурет: ҚР ІІМ
Полицияға қала тұрғыны арызбен жүгініп, алаяқтық іс-әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған.

Жәбірленушінің айтуынша, оның танысы бірнеше жыл бойы үнемі жоғары табыс тауып отырған жоба туралы айтқан.

Инвестициялық компанияның қызметін жарнамалай отырып, ол жәбірленушіге белгілі бір соманы салуды ұсынған.

Пайда табуды көздеген ер адам 1 млн 300 мың теңге ақшасын берген. Біраз уақыт өткеннен кейін күткен табысын ала алмаған ол полицияға жүгінген.

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы азаматшаны анықтады.

Әйелдің осыған ұқсас айламен бірнеше адамды алдағаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек