Қызылорда облысында мал ұрлығы азайды

Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес 27-29 қараша аралығында облыс аумағында мал ұрлығының алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлескен ЖПІШ өткізілді.

Жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар барысында құжаттсыз мал тасымалдаған 9 тұлға анықталып, ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзған 25 мал иесіне ӘҚБтК-нің 408-бабымен әкімшілік шара көрілді. Профилактикалық іс-шара өз нәтижесін берді. Бүгінгі күнде облыс аумағында мал ұрлығының тіркелуі 45%-ға азайып, ашылу көрсеткіші 30%-ға жақсарған.

"Құрметті облыс тұрғындары мал ұрлығының басым бөлігі немесе 70%-ы қараусыз өрісте болады. Сол себепті малдың еркін жайылыуына жол бермей, бақташы жалдауды немесе кезекпен бақтыруды ұсынамыз. Сонымен қатар меншігіңіздегі малды құжаттандыруды ұсынамыз, себебі төрт түлікті паспорттау, таңбалау және JPS құрылғыларын орнату, іздестіру жұмыстарын жеңілдетеді", – дейді полицейлер.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады