Алматыдағы хостелде "қаза тапқан" Түркістан облысының тұрғыны тірі болып шықты

Сурет: otyrar
Алматыдағы хостелде шыққан өрттен қаза тапқандардың тізімінде болған Түркістан облысының 20 жастағы тумасы Рамазан Әмірәлі тірі болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы әкімінің орынбасары айтты, деп жазды otyrar.

Жас жігіт Шымкенттегі медреселердің бірінде оқиды, ақша табу үшін мегаполиске көшіп кеткен. Арзанырақ баспана таңдаған және сол хостелде тұрған.

Ол қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын туған жері Сарыағаш ауданына оралған.

Ата-анасы Ташкентте бірге тексеруден өту үшін оралуын өтінген, қазір Рамазан ата-анасының қасында.

Түркістан облысында бір күн бұрын, 1 желтоқсанда "Алматы хостелінде" шыққан өрттің құрбандарын жерлеу рәсімі өтті. Шымкенттен 100 шақырым жердегі Сынтас ауылында 20 жастағы Бейбарыс Әлдібекті ақтық сапарға шығарып салды.

Алматыда бірнеше адамның өмірін қиған өрт 30 қараша күні, таңертең Әди Шәріпов көшесінде болған. Бұған дейін 13 адам қайтыс болғаны хабарланған еді. Оның ішінде: төртеуі – шетелдіктер (Ресейдің екі және Өзбекстанның ек азаматы), тоғызы – Қазақстан азаматтары.

2023 жылғы 1 желтоқсанда хостелді жалға беруші ұсталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді