Алматыдағы хостелде қаза тапқан 19 жастағы жігіт Ақтауда жерленді

Сурет: lada.kz
Almaty Hostel-дегі өрттен қаза тапқан Никита Королеваның анасы Instagram-дағы парақшасында ұлының жерлеу рәсімі 2 желтоқсанда өткенін жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Ақтауға үйіне ұшып баруы керек күннен бір күн бұрын қаза тапқан, деп жазады lada.

"Бұл менің жалғыз ұлым, 24 желтоқсанда 20 жасқа толар еді. Оны көрмегеніме 1,5 жыл болған. Бүгін мен оны соңғы рет құшақтадым. Бұл өмірде немерелерім болады деп ойлаған едім", - деп жазды марқұмның анасы Евгения Вегер.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы хостелде шыққан өрттен қаза тапқан 20 жастағы Бейбарыс Әлдібекті Шымкенттен 100 шақырым жердегі Сынтас ауылында ақтық сапарға шығарып салғанын жазған едік.

Ал осы өрттен қаза тапқандар тізімінде жүрген Түркістан облысының 20 жастағы тумасы Рамазан Әмірәлі тірі болып шықты.

Алматыда бірнеше адамның өмірін қиған өрт 30 қараша күні, таңертең Әди Шәріпов көшесінде болған. Бұған дейін 13 адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Оның ішінде: төртеуі – шетелдіктер (Ресейдің екі және Өзбекстанның ек азаматы), тоғызы – Қазақстан азаматтары.

2023 жылғы 1 желтоқсанда хостелді жалға беруші ұсталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды