Оралдық полицейлер тұрғындардан ақша бопсалағандарды ұстады

Сурет: видео скрині
Оралдық полицейлер тұрғындан ақша бопсалағандарды ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы каналының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы полиция департаментіне қарасты экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 1992 жылы туған Орал тұрғынынан күшпен 2 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған 1984 жылы туған тұрғынды анықтап, ұстады.

Тексеру барысында күдікті бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, алайда ешқандай шешім шығармағаны белгілі болды.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша бопсалады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының 19 және 20 жастағы үш тұрғынды ұстады. Олар күшпен Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғынынан 250 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған.

Ұсталғандар Орал полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған екі фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі ("Қорқытып алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Оларға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды