Павлодарда бастауыш сыныптар қашықтан оқиды

Сурет: pixabay
Павлодарда бастауыш сынып оқушыларының бүгінгі сабағы онлайнға көшірілді. Оған себеп болған қатты жел мен көктайғақ. Аймақта бүгін алғаш рет аяз түсті.

Ауа температурасы -12. Желдің жылдамдығы секундына 12 метр. Кеше өңірде жаңбыр жауған. Сондықтан оқушылардың қауіпсіздігі үшін сабақты қашықтан өткізуге шешім қабылдадық, - дейді білім басқармасының өкілдері.

Боран мен көктайғақтан жолдар жабылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Шығыс Қазақстан облысының кейбір таулы аймақтарында қарлы боран соғып тұр. Салдарынан кешелі бері "Өскемен-Тарғын-Самар" бағытындағы облыстық маңыздағы автокөлік жолының бір бөлігі жабық тұр. Қатты бұрқасыннан жол көрінбей, қозғалыс қиындаған.

Ал өткен түнде Өскеменге алғашқы қар жауды. Кеше күні бойы жаңбырлы дауыл соғып, оның соңы қарға ұласты. Бүгін Өскеменнің көшелері көктайғақ. Желдің екпіні де қатты. Сондықтан қаладағы кейбір мектептерде түске дейін бастауыш сыныптарды сабақ болмайды.

Батыс Қазақстан облысында да көктайғақ салдарына 6 жол учаскесі жабылды. Олардың үшеуі - республикалық, қалғаны - облыстық маңыздағы тасжолдар. Өңірде қар аралас жаңбырдан кейін көктайғақ болып, тұман түсіп, күшті жел соғатыны жайлы дауылды ескерту жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады