Жолда мұз қатуы мүмкін, осыған байланысты жүргізушілерді өте мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты, бүйірлік аралықты сақтауға, қолайсыз ауа-райын ескере отырып, жылдамдықты асырмауға, шұғыл маневр жасамауға және күрт тежемеуге, жол ережесін қатаң орындауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілер жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс нормасын сақтауы керек, мүмкіндігінше қырағы болуы керек, жүргізуші сізді көріп, өткізіп жібергеніне көз жеткізіп жүріңіз, көлік құралының тежегіш жолы дымқыл болғанда, әсіресе көктайғақ жағдайында айтарлықтай өсетінін ұмытпаңыз.
Коммуналдық қызметтердің көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел және сапалы жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік иелерінен мүмкіндігінше қала бойынша қозғалысты шектеуді, автокөлікті жол жиегіне қоймауды сұраймыз.
Қысқы кезеңге дайындық мақсатында Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 818 бірлік техника мен 1 240 жұмысшы тартты. Қар жауған кезде жолға көктайғаққа қарсы материалдар, жолдарды тазарту, қар үйінділерін алып тастау, автобус аялдамаларын, тротуарлар мен қоғамдық пайдалану орындарын қар мен мұздан уақытылы тазарту жұмыстары жүргізіледі.
Қалада көшені таза ұстау ШЖҚ "Алматы Тазалық" МКК қызметкерлерімен, сонымен бірге 9 мердігер ұйымның күшімен қамтамасыз етіледі. Аула аумақтарын жинау үшін 45 мердігер ұйым жұмылдырылады.