Өскеменде өрт қауіпсіздігін сақтамаған хостелдер анықталды

Сурет: pixabay
Өскемендегі кейбір қонақ үйлер мен хостелдерде өрт қауіпсіздігі сақталмайды. Көбінің электр сымдары талапқа сай емес.

Эвакуациялық есіктері жабық және желдету жүйесі істен шыққан. Мұндай кемшіліктер арнайы рейд кезінде анықталды. Дегенмен, өртке қарсы қызмет мамандары кәсіпкерлерді мұндай салғырттық үшін жауапқа тарта алмайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Айыппұл салу үшін сол нысанға уақытша тұрақтаған жолаушылардан арыз-шағым түсуі керек. Бизнес нысандарын тексеруге мараторий тағы бар. Сондықтан мамандар тек ескертумен ғана шектеледі.

"Бұл хостел иелерімен түсіндіру жұмыстары өткізілді, анықталған бұзушылықтар бойынша кеңес берілді. Рейдтік жұмыстар аяқталғаннан кейін талдау жасалып, осы нысандарды өрт қауіпсіздік жағдайға әкелуіне барлық жағдайлар қолданылатын болатын." Нұржан Өміржанов, облыстық ТЖД басқарма бастығы

Өскеменде 11 жатақхана және қонақ үй санатында 10 хостел жұмыс істейді. Бейресми дерек бойынша, олардың саны әлдайқайда көп.

Кей кәсіпкерлер бірнеше пәтерді біріктіру арқылы хостел ашып, нәпақа тауып отыр. Бірақ олардың барлығында бірдей өрт қауіпсіздігі ережелері сақтала бермейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды