Шымкентте екі азаматтың үйінен марихуана табылды

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шаралар жүргізу барысында жергілікті екі ер адамның үйінен марихуана тәркіледі.

Алғашқы мекенжайды тексеру барысында ас үй мен жатын бөлмеден 22 гриппер пакетке салынған марихуана табылса, келесі үйден 1 полиэтиленді пакет толы дәл сондай есірткі заты тәркіленді.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркеді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Осыған байланысты Шымкент полициясы есірткімен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет қатаң жауапкершілікке тартуға әкелетінін ескертеді.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін