Байқоңырда әйелді көлік қағып, мерт қылды

Сурет: Zakon.kz
"Байқоңыр" кешені прокуратурасы жаяу жүргіншінің өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kia Cerato автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі Байқоңыр қаласы 6-ықшамаудандағы Гагарин көшесі бойымен келе жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

Жоғары жылдамдықпен әйелді қағып кеткен сәт көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Апат салдарынан ауыр жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Кейінірек оның отадан кейін комаға түсіп, қайтыс болғаны белгілі болды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды