Павлодар облысында полицейді балағаттаған ауыл тұрғыны қамауға алынды

Павлодар облысында полицейді балағаттаған ауыл тұрғыны қамауға алынды. 46 жастағы ауыл тұрғынына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тереңкөл ауданының полициясына дүкенде ер адам өзін дұрыс ұстай алмай тұрғаны туралы хабарлама түскен. Ол тәртіп сақшылары шақырту орнына барғанға дейін дүкеннен шығып, жалғыз тұратын әженің үйіне бет алғаны анықталған. Полиция қызметкерлері зейнеткердің үйіне барғанда қария бейтаныс мас адамның үйіне кіріп, ұйықтап қалғанын айтқан, деп жазды pavlodarnews.kz.

"Учаскелік полиция инспекторы ер адамды ауруханаға куәландыруға апару үшін оятқан. Алайда ауыл тұрғыны өзін агрессивті ұстап, зейнеткердің үйінен кетуден бас тартқан және полицияға дөрекілік танытқан. Сонымен қатар ауруханада болған кезде куәландырудан бас тартты, өзінің қызметтік міндеттерін атқарған билік өкілін балағаттаған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Дүкенде ұсақ бұзақылық жасағаны және зейнеткердің үйінде билік өкілін қорлағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі және 667-бөлігі 1-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар қозғалып, материалдар сотта қаралды. Сот қаулысымен ауыл тұрғыны бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Әкімшілік жазадан басқа, медициналық мекемедегі билік өкілін қорлау фактісі бойынша ауыл тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

378-баптың санкциясына сәйкес, қызметтік міндеттерін атқару кезінде полицейге балағат сөздер айтқаны үшін 40 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: