Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Сурет: freepik
Киберпол қазіргі уақытта интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін хабарлайды.

Жәбірленушілер атынан Whatsapp мессенджеріндегі аккаунтты пайдаланып, олар қол жетімді барлық контактілерге әртүрлі сылтаулармен ақша жіберуді сұрайтын мәтінді жіберіп, үшінші адамдардың жалған шоттарын көрсетеді.

"Күдіктілер зиянды сілтеме арқылы Whatsapp аккаунтына қол жеткізе алатыны белгілі болды. Осыған орай, Алматы полициясы азаматтарды, әдетте, ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама және т.б. түрінде таралатын күмәнді сілтемелерді баспауды және олардың сайтына кірмеуді, сондай-ақ жеке деректерді енгізбеуді ескертеді және шақырады", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Кездейсоқ күдікті сілтемені бастым деп күмәндансаңыз, Whatsapp қолданбасына өтіп, өзгертулер бөліміне кіріп, "байланыстырылған құрылғыларға" өту арқылы Whatsapp аккаунтыңызға параллель кіруді тексеруге болады.

Ол жерде сіз қосылмаған белгісіз құрылғы көрсетілсе, осы сессиядан дереу шығыңыз.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы