Оқу-ағарту вице-министрі: Әкімдіктер қаңғыған ит мәселесін дұрыс шешіп отырған жоқ

Сурет: Zakon.kz
7 желтоқсанда Сенат кулуарында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балаларды бұралқы иттер талап жатқанын айтты. Ол бұл мәселені әкімдіктер шешуі керек екенін, бүгінде бұған барлық мүмкіндік бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министр әр мемлекеттік орган өз жұмысын атқару керек екенін, әкімдіктер балаларды қаңғыған иттерден қорғауды қамтамасыз етуі керек екенін баса айтты.
"Аулауға болады, қаңғыған иттерге қатысты шаралар қарастырылған емес пе еді? Осыны бақылауға алып, жұмысты ұйымдастыру керек. Біз басқа мемлекеттік органдар алдында мәселе көтеріп отырмыз. 81 бала зардап шекті, үшеуі көз жұмды. Түркістан, Ақтөбе облыстары, Алматы қаласында. Бүгінгі күні барлық мүмкіндік бар, уәкілетті мемлекеттік органдар (қайғылы жағдайларға – ред.) жол бермеуі керек Сондықтан барлық мемлекеттік органдарды балалардың құқығын қорғау үшін тиісті шаралар қабылдауға шақырамыз". Еділ Оспан

2023 жылғы 6 желтоқсанда ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова қаңғыған иттерге қатысты мәселе көтерді. Оның айтуынша, осы жылдың бірінші жартыжылдығында елде қаңғыған иттер 81 баланы қапқан, соның салдарынан үш бүлдіршін көз жұмды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін