Павлодар облысында алғаш рет жол бойында намазхана ашылды

Сурет: ҚМДБ-ның Павлодар облысындағы филиалы
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметі өңірде алғаш рет жол бойында намазхана ашылғанын хабарлады. Жаңадан салынған намазхана Астана – Семей тас жолы бойында бой көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құлшылық орны Аққулы ауданына қарасты Тұзқала ауылы жанында орналасқан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz ҚМДБ-ның өңірдегі филиалына сілтеме жасап.

"Өтіп бара жатқан  жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау, намазын қаза етпеу, өз уақытында өтеу үшін ауыл жамағатының көмегімен және демеушілігімен намазхана ашылып, ресми түрде тіркелді. Бұдан былай жол бойында келе жатқан жолаушылар үшін намазын  уақытылы оқып кетуіне жеңіл болады", – дейді Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айында Павлодар әуежайында ұшақпен сапарға шығатын жолаушыларға арналған намазхана бөлмесі ашылған болатын. Арнайы құлшылық бөлмесі жолаушылардың өтініші бойынша діни басқарманың арнайы тіркеуінен өтіп, іске қосылды. Әуежай басшылығымен келісе отырып,  арнайы орынжай толық жөндеуден өткізілген. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды