Ақтөбедегі бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз жалдамалы пәтерден табылды

Сурет: Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ақтөбедегі "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз бір тәуліктен соң жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен қыздарды тапты.

"Тексеру барысында олардың жалдамалы пәтерде екендігі анықталды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер Ақтөбе қаласы полиция бөліміне жеткізілді. Үшеуі үш түрлі мектепте оқиды". Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қыздардың үшеуі де орталықтан сырт киімсіз шығып кеткен. Олардың киім алғанын фотодан көруге болады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбедегі "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан үш қыз терезені сындырып, қашып кеткенін хабарлаған едік.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды