Ерұлан Жамаубаев, Қаржы министрлігі, жалпы үкімет капиталды заңсыз шығаруды шектеу, оларды тежеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын атап өтті.
"Бұл заң дұрыс баға белгілеуді анықтауға және заңсыз жолмен алынған кірістерге қосымша салық салуға бағытталған. Заң дер кезінде қабылданып жатыр деп есептейміз, схемалар көп, қосымша табыс алатын саудагерлер, делдалдар көп, трансферттік баға белгілеуде бұл заң делдалдардың мұндай мүмкіндіктерін шектейді", - деді министр.
Оның айтуынша, мемлекеттік кірістер органдары қосымша ақпарат алып, есеп беріп, осындай схемаларды анықтап, соның нәтижесінде бюджетке қосымша түсім алу мүмкіндігіне ие болады.
"Нақты соманы атау қиын. Бұл мүмкін емес. Біз Мемлекеттік кірістер комитеті жүргізген тексерулерге сүйенсек, соны шамамен көруге болады – бұл бюджетке қосымша 50-100 миллиард теңге түсім", - деді Қаржы министрлігінің басшысы.
13 желтоқсанда Мәжіліс депутаттары трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады. Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, олар халықаралық іскерлік операцияларда мемлекет кірісінің жоғалуын болдырмауға бағытталған.