14 желтоқстанда Астана мен Алматы оқушылары онлайн оқи беретін болады ма

Сурет: gov.kz
14 желтоқсанда Астанада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқи беретін болады. Аязды ауа райына байланысты басқа өңірлерде де мектеп жабық, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астанада аязды ауа райына байланысты 2023 жылдың 14 желтоқсанында 0-9 сынып оқушылары онлайнға ауыстырылады", делінген елорда білім басқармасының хабарламасында. 

Алматыда да қатты аяз күшіне мініп, мектептерде сабақ болмайтын болды.


"Қатты аязға байланыста Алматыда 2023 жылдың 13-14 желтоқсанында 0-9 сынып оқушылары онлайнға ауыстырылады", делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында. 

Ақтауда да күн күрт суытып, сынап бағаны 10 градус суықты көрсетіп тұр. Барлық жастағы оқушылар мен колледж студенттері 14 желтоқсанда қашықтықтан оқи беретін болады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанға жылжып келген арктикалық антициклонның әсерінен кейбір өңірде сынап бағаны - 44° C-ді көрсетеді. 

Ақтау
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды