Биыл ауыр атлетикада 30 спортшы допингпен ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Биыл ауыр атлетикада 30 спортшы допингпен ұсталды. Көрсеткіш жылдан-жылға ұлғайып келеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингіде мәлім етті.

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, жалпы, кейінгі 3 жылда 133 кәсіби спортшының қанынан тыйым салынған препарат табылған.

Бұған елімізде спорттық фармакология саласының кенже дамуы себеп дейді ведомство басшысы. Өйткені спортшылар спорттық тағамды өз бетінше сатып алып, жөн-жосықсыз қолдана береді, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан бұл мәселені заң аясында реттеп, жүйелі жұмыстар атқару қажет, дейді министр.

"Қазіргі таңда еліміз бойынша екі жоғары оқу орнында ғана жылына 45-ақ студентті спорт саласындағы медицина маманы ретінде дайындап шығарады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, спорт саласына бейімделген психолог, фармаколог, нутрициолог сияқты салалық мамандарды дайындайтын факультет ашпақпыз." Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі

Демек бұл факультеттер медициналық жоғары оқу орындарыннда ашылады. Одан бөлек Елордада Ұлттық спорт университеті де салынып жатыр. Жалпы, республика бойынша алдағы екі жылда 113 спорт нысаны жаңадан бой көтеріп, 26-сы жөнделеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау