Жамбыл облысы әкімдігі ТЖ кезінде қаза тапқандар жайлы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Сурет: pixabay
Төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысының автожолдарында қар құрсауында қалған 5000-ға жуық адам құтқарылды. Адам шығынына қатысты ақпарат тіркелген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысының автожолдарында қар құрсауында қалған 5000-ға жуық адам құтқарылды. Құтқару шараларына жергілікті атқарушы органдар, Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция департаментінің күштері, Қорғаныс министрлігінің әскерилері мен жол қызметкерлері қатысты.

Адам шығынына қатысты ақпарат тіркелген жоқ.


"Құрметті тұрғындар, сіздерден тек ресми ақпараттарға сенулеріңізді сұраймыз! Әлеуеметтік желілерде (белгілі парақшаларда) таралып жатқан Жамбыл облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқандардың тізімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", делінген хабарламада.

Сондай-ақ облыстық әкімдік ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жаза қарастырылғанын еске салады. 

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі