Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Күні кеше Алматыда жүздеген жарық конструкциясы, жарқыраған гирлянда, жарық иллюминацияларымен безендірілген бас шырша орнатылған, ал бүгін, 20 желтоқсанда оның шамы жағылды.
Сурет: Zakon.kz
Бас шыршаның шамын алматылықтармен бірге Аяз ата мен Ақшақар жақты, ал мультфильм кейіпкерлері мен эстрада жұлдыздары мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жаңа жыл алдындағы мерекелік шарада отандық эстрада жұлдыздары - Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, "Жігіттер", "Кешью", "Ринго", "Шамис" және т. б. топтар өнер көрсетті.
Сурет: Zakon.kz
Жаңажылдық шыршалар әр ауданның негізгі алаңдарында орнатылған:
Алмалы ауданы – "Астана" алаңы, Абай атындағы ҚазҰТЗУ алдындағы алаң, Алатау ауданы – "Алматы Арена" мұз айдыны алдындағы алаң, Әуезов ауданы-Н. Сац атындағы жасөспірімдер театры алдындағы алаң, Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент атындағы саябақ, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Жетісу ауданы – Серіков көшесі, 2а, Медеу ауданы – "Халық арена" МС алдындағы алаң, "Медеу" биік таулы спорт кешені, Түрксіб ауданы – Сейфуллин даңғылы бойындағы №6 оқушылар үйі, Наурызбай ауданы – Шұғыла ш/а, 347. Сондай -ақ қаланың қоғамдық кеңістігі, жаяу жүргіншілер көшелері-Панфилов, Жібек жолы, магистральдық көшелер: Сәтбаев көшесі, Төле би көшесі, Майлин көшесі, Назарбаев даңғылы, Әл-Фараби даңғылы, Абылай хан даңғылы және т. б. жарық композицияларының бірыңғай стилінде безендірілген.
Сурет: Zakon.kz
31 желтоқсанда - Жаңа жыл қарсаңында "Астана" алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өткізу жоспарланып отыр, оның соңы мерекелік отшашуға ұласады.
Сурет: Zakon.kz