Елімізде 1265 адам діни теріс ағым құрсауынан шықты

Сурет: Zakon.kz
Биыл 1200-ден аса адам теріс ағым құрсауынан шықты. Адасқандардың басым бөлігінің жас мөлшері 20 мен 40 жас аралығы.

Олардың әрқайсысымен жұмыс істеу үшін біріне апталап, енді біріне айлап, тіпті жылдап уақыт кеткен. Оңалту жұмыстары теріс ағымды ту етіп, терроризм ісі бойынша сотталғандармен де жүргізілген.

Темір тордағыларды теолог мамандар радикалды діни райынан қайтарған, деп жазады qazaqstan.tv.

Еліміздің Бас мүфтиінің айтуынша, жат ағымға рухани жұтаң адамдар бейім болып келеді.

"Қоғам болған соң, өмір болған соң өкінішке орай адасушылықтар болып жатады. Оның барлығы неден болуы мүмкін, біз туғаннан бастап ата дәстүрімізді білуіміз керек. Көбіне біз жастарды кінәлаймыз. Біз жастардан бұрын ата-ана өзі дәстүрді қаншалықты біледі. Осыған көңіл бөлуіміз керек." Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады