Алматыда тағы бір заңсыз салынған дәмхана сүрілді

Қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Жетісу-2 шағынауданындағы 83/2 мекенжайында орналасқан LAPARK дәмханасы сүрілді., сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2026 15:30 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Жетісу-2 шағынауданындағы 83/2 мекенжайында орналасқан LAPARK дәмханасы сүрілді.

Бұған дейін нысан иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, тиісті рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталған.

Осыған байланысты Басқарма әкімшілік шаралар қабылдап, құқық бұзушылық туралы іс материалдарын сотқа жолдаған.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қаулысымен нысан иесіне әкімшілік жаза тағайындалып, заңсыз салынған бір қабатты күрделі құрылыс нысанын мәжбүрлеп бұзу туралы шешім шығарылған.

Сот шешімін орындау аясында нысан иесі құрылысты өз еркімен бұзуға кірісті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: