Жетісу облысында "А" гепатитін жұқтырғандар саны 7 есе өскен

Сурет: pixabay
Қыркүйек-желтоқсан айларында Жетісу облысында вирустық "А" гепатитін жұқтырғандар саны 7 есе өскен.

Егер өткен жылы індеттің ілмегіне ілінгендер небәрі 4 адам болса, биыл 29-ға жетіп отыр. Оның 27-сінің диагнозы зертханалық сынамалармен расталған.

Олардың арасында 14 жасқа дейінгі бала саны – 6-ау. Науқастардың 28 пайызында гепатит адамнан адамға жұқса, 72 пайызында маусымдық сырқат деп белгіленген, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір олармен қарым-қатынаста болған азаматтар медициналық бақылауға алынып, иммундау жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр.

"Бұл жұқпа вакцинасы бар. Бұл вакцинаны енгізілгелі бері, мысалға біздің облыста 2011 жылдың қараша айынан бастап енгізілген. Сол жылдардағы сырқаттанушылықпен салыстырсақ, қазіргі сырқаттанушылық 7 есе төмендеді." Индира Күнбасова, Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды