Алматы көшелерінің бірінде көлік қозғалысы 12 сағатқа жабылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда көше қиылыстарының бірінде көлік қозғалысы уақытша жабылады. Оған кабель желілерін қалпына келтіру алаңындағы жөндеу жұмыстары себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы жылу желілері" ЖШС таратқан ақпаратқа сүйенсек, Алматыда Алтынсарин даңғылы мен Қуанышбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша жабылады.

"2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 23.00-ден 24 желтоқсан күні сағат 11.00-ге дейін Алматы қаласының Әуезов ауданында Алтынсарин даңғылы мен Қуанышбаев көшесінің қиылысында автокөлік қозғалысы жабылады", – делінген хабарламада.

Көшенің осы сегменті жүріс бөлігінің астында жатқан кабель желілерін реконструкциялау учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

"Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және осы учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", – дейді.

"Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі