Алматыда автобус адамдарды қағып кетті: жүргізуші мен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы қандай екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, көп жері сынған бар 50 жастағы әйел жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы қосарлас жарақат пен жарақаттық шокқа байланысты ауыр.

55 жастағы ер адамға жабық бассүйек-ми жарақаты диагнозы қойылып, нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

36 жастағы автобус жүргізушісі де жабық бассүйек-ми жарақаты және ми соғылуы диагнозымен нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

Ал баланы N2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында хирург, травматолог, нейрохирургтан тұратын көпбейінді бригада қарап, сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің соғылуы деген диагноз қойды. Гипс таңылып, амбулаторлық емдеуге үйге жіберілді. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобус бір топ адамды қағып кеткенін хабарлаған едік.

Кейінірек полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді. 

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жантүршігерлік оқиғадан жеті адам зардап шеккенін, олардың арасында бір бала бар екенін хабарлады.

Кейінірек автобустың адамдарды қағып кеткен сәтінің видеосы тарады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы