БҰҰ Абай облысына қатысты арнайы қарар қабылдады

Сурет: Zakon.kz
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясында бұрынғы Семей өңірі, қазіргі Абай облысын оңалту туралы қарар қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл халықаралық ұйымның 1997 жылдан бері осы аймақ халқына қолдау көрсету мен қоршаған ортаны қалпына келтіруге арналған 11-резолюциясы болып табылады. Ұйым халықаралық қауымдастықты осы мақсаттағы арнайы бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыруда Қазақстанға көмек беруге шақырады, өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге үндейді. Құжатта әлем елдерінің аймақтағы ахуалдан хабардар болып отыруына мән беру керектігі жазылған, деп хабарлайды 24kz.


"Қарарды Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 85 ел бірлесіп әзірледі. Бұл халықаралық қауымдастықтың ядролық сынақтардан жапа шеккен бұрынғы Семей өңірі халқының, әсіресе ондағы балалар мен басқа да осал топтардың денсаулығы үшін алаңдайтынын көрсетеді. Құжатта Қазақстан Үкіметінің аймақты қалпына келтірудегі маңызды ролі айтылып, әлем елдерін осы бағытта қолға алынып жатқан іс-шараларға атсалысуға шақырады".  БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Бауыржан Керімқұлов
Қазақстан
БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды